Германияның Қазақстанға қарсы ойнайтын футболшылары

Фотография - Германияның Қазақстанға қарсы ойнайтын футболшылары

Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев  Қазақстан құрамасына қарсы дайындалатын футболшыларын жариялады. Тізімде 23 футболшы бар

203 0

Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Йоахим Лев  Қазақстан құрамасына қарсы дайындалатын футболшыларын жариялады. Тізімде 23 футболшы бар.


       Тек, жарақатына байланысты «Лацио» шабуылшысы Мирослав Клозе ғана тізімге енбей қалды демесеңіз қалған футболшылардың барлығы да сапта. Тіпті, Йоахим Лев соңғы кездері жарақаты аздап мазалап жүрген «Арсенал» шабуылшысы Лукас Подольскиді де ұлттық құрамаға шақыртыпты. 

Германия құра­масы 18 наурыз күні дәл осы Франк­фурт­т­е жиналады. Себебі Германия чем­пио­натының 26-туры үш күнге созы­лады. Жұма күні (яғни 15 наурызда) бір ойын өтсе, сенбіде алты кездесудің ысқы­рығы безілдейді. Ал қалған екі ойын жексенбі күні кешкісін басталуы керек. Содан 19-20 наурыз күндері Майн өзенінің жағасындағы ірі қалада жаттығу жұмыстарын өткізіп, 21-і күні таңертең Астананы бетке алмақ. Келе сала баспасөз жиынын өткізіп, кешке қарай «Астана-Арена» стадионында доп теуіп, жасанды желекке бой үйретуге тырысады.

Ал елордағаы ойын аяқтала салысымен неміс футболшылары көп кідірмей кері ұшып, Нюрнбергке барады. Содан 26 наурызға дейін (үш күн) Нюрнбергтің іргесіндегі «Адидас» стадионында жаттығу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отырған көрінеді.

Бұған дейін Қазақстан мен Германия құрамасы «Еуро-2012» іріктеу додасының аясында екі мәрте кездескен. Астанадағы ойын 0:3 есебімен, Кайзерслаутерндегі кездесу 0:4 нәтижесімен аяқталған болатын

          

Германия ұлттық құрамасы

Қақпашылар:

1. Мануэль Нойер (Бавария)

12. Рене Адлер (Гамбург)

22. Рон-Роберт Цилер (Ганновер-96)


Қорғаушылар:

20. Жером Боатенг (Бавария)

4.  Бенедикт Хеведес (Шальке-04)

16. Филипп Лам (Бавария)

17. Пер Мертезакер («Арсенал», Англия)

3. Марцель Шмельцер (Боруссия Д)

5. Хайко Вестерман (Гамбург)

Жартылай қорғаушылар:

15. Ларс Бендер (Байер 04)

2. Свен Бендер (Боруссия Д)

11. Юлиан Дракслер (Шальке-04)

19. Марио Гетце (Боруссия Д)

14. Илкай Гюндоган (Боруссия Д)

6. Сами Хедира («Реал», Испания)

18. Тони Кросс (Бавария)

8. Месут Озил («Реал», Испания)

21. Марко Ройс (Боруссия Д)

7. Бастиан Швайнштайгер (Бавария)

Шабуылшылар:

9. Андре Шюррле (Байер 04)

10. Лукас Подольски («Арсенал», Англия)

13. Томас Мюллер (Бавария)

23. Марио Гомес (Бавария)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!