Қазақстанның грек-рим күресінен чемпиондардың есімдері белгілі болды

Фотография - Қазақстанның грек-рим күресінен чемпиондардың есімдері белгілі болды

 Грек-рим күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Күрес федерациясынан.

250 0

 Грек-рим күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстанның Күрес федерациясынан.

Медальдардың саны мен сапасы жағынан Жамбыл облысының құрамасы бірінші орында. Олардың қоржынында 2 алтын мен 1 қола жүлде бар, деп мәлімдеді Vesti.kz.

60 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Әбсәлімов үздік атанды. Ол бірнеше чемпионатта алдыңғы үштікте болды, бұл жолы ол чемпион атана алды. Оның финалдағы қарсыласы боз кілем иесі Жолдыбай Тоқбаев болды.

60 кг:

I - Дәулет Әбсәлімов (Жамбыл облысы);

II - Жолдыбай Тоқбаев (ОҚО);

III - Бағлан Жақаншы (Алматы);

III - Дастан Өскенбеков (Жамбыл обл).

74 келі салмақ дәрежесінде өзінің шеберлігін Мақсат Ережепов көрсетті. Ол финалда Әсет Әділовты екі кезеңде де жеңді.

74 кг:

I - Мақсат Ережепов (Қостанай);

II - Әсет Әділов (Ақтобе);

III - Досжан Қартықов (ОҚО);

III - Дәулет Жақсылықов (Алматы).

96 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз қарағандылық Ерұлан Ысқақов болды.

96 кг:

I - Ерұлан Ысқақов (Қарағанды);

II - Жанарбек Қабдолов (СҚО);

IIІ - Жасұлан Садықов (Алматы);

III - Илья  Насточенко (Атырау).


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!