Қазақ боксшылары құрлықты бағындырды!

Фотография - Қазақ боксшылары құрлықты бағындырды!

Филиппиннің Субик-Бее қаласындағы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Қазақ боксшыларының керемет жеңісімен аяқталды

325 0

Филиппиннің Субик-Бее қаласындағы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Қазақ боксшыларының керемет жеңісімен аяқталды.

Құрлық додасының финалына шыққан 5 қазақ боксшысынның біреуі ғана финалда сүрініп, қалған төртеуі алтыннан алқа тақты деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасы.

56 келіде сынға түскен Қайрат Көптілеуов финалда жапон жігіті Кеджи Фуджитаны 11:7 есебімен жеңіп, командаластарына жарқын жол ашып берді. Алғашқы алтын!

69 келіде ел намысын  қорғаған Айтжан Шілеев пен өзбек боксшысы Исраил Мадримов арасындағы тартысты кездесу 12:12 есебімен тең аяқталған. Төрешілер қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұрған Айтжанның қолын көтерді. Екінші алтын!

75 келіде қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет тағы бір Өзбекстан өкілі Ақмалбек Қосымовты 20:17 есебімен  тізе бүктірді.  Үшінші алтын!

81 келідегі саңлағымыз Әділет Орынбасаров финалда парсы шығанағынан келген  Сиаваш Омидиди 15:11 есебімен жеңді. Төртінші алтын!

Өкінішке қарай, 91 келідегі Айбек Ерметов өзбек боксшысы Ойбек Шәріповке 12:16 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 1 күміс медаль алған Қазақстан құрамасы көш бастады. Екінші орында Филиппин, үшінші орындла 1 алтыны бар Өзбекстан құрамасы.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!