Алтын жауған күн!

Фотография - Алтын жауған күн!

Чехиядағы "Гран При" турнирінде қазақ боксшылары Ілияс Сүлейменов пен Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычко чемпион атанды!

144 0

Чехияда бокстан өтіп жатқан "Гран При" бәсекесі қазақ боксшылары үшін сәтті аяқталды.

52 келі салмақта ел намысын қорғаған Ілияс Сүлейменов финалда қытайлық Май Кинкиксянды 16:10 есебімен жеңіп, чемпион атанды!

81 келіде сынға түскен  Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов  ақтық сында голландиядлық Петер Мулленбергпен жұдырықтасып, 10:9 есебімен басым түсті. Тағы да алтын!

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко финалда армениялық Армен Симониянды жеңіп, ұлттық құрамаға үшінші жеңіспен қатар, жалпыкомандалық есептегі бірінші орынды алып келді!

Бүгін жастарымыз Азия біріншілігінде 4 алтын алып, топ жарған еді. Енді, ұлттық құрама да Чехия төрінен олжалы оралуда! Құттықтаймыз!

 


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!