Алмас Өтешов Азия чемпионатына қатыспайды

Фотография - Алмас Өтешов Азия чемпионатына қатыспайды

Қызылордалық зілтемірші Алмас Өтешов Астанада өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатыспайды

334 0

Қызылордалық зілтемірші Алмас Өтешов Астанада өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы ол "Жас қазақ" газетіне берген кішігірім сұхбатында мәлімдеген.

"Азия чемпионатынан бас тартуымның бірнеше себебі бар. Біріншіден, мен үш мәрте сарықұрлық сынына қатысып көрдім. Екі рет жүлдегер атансам, бір мәрте алтын медаль еншіледім. Екіншіден, менің ең негізгі мақсатым - әлем чемпионатында жүлде алу. Яғни, қазан айында Польша астанасы Варшавада өтетін әлемдік сында жүлдеге іліксем деген ниетім бар. Бүгінде сол үшін тынбай еңбектеніп жүрмін " дейді Алмас.

Бұл күндері Шымкентте жаттығатын Алмас Өтешов жұлқа көтеруге баса назар аударып жүргенін жасырған жоқ. Себебі, серпеге қарағанда, жұлқа көтеруде Алмас қана емес, бүкіл қызылордалық атлеттердің ақсап қалатыны бар. Осы олқылықтың орнын толтырсам, әлемдің доданың жүлдесі менен алыс кетпейді деген Алмас алдымен өзін ел чемпионатында дәлелдеуі тиіс. Ал, ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі қыркүйекте өтеді. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!