"Барселона" Вильямен екі жылдық келісімге қол қойды

Фотография - "Барселона" Вильямен екі жылдық келісімге қол қойды

Каталониялық "Барселона" клубы шабуылшы Давид Вильямен екі маусымға арналған жаңа келісім-шартқа қол қойды

177 0

Каталониялық "Барселона" клубы шабуылшы Давид Вильямен екі маусымға арналған жаңа келісім-шартқа қол қойды.

Осыған дейін Вилья клуб сапында осы жылдың жаз айында ақталатын келісім шарт бойынша доп теуіп жүргені белгілі. Алайда, "Барселона" басшылығы ол келісімнің аяқталар мерзімін күтпестен-ақ, ойыншымен жаңа екі жылдық келісімге қол қойып үлгерді. Келісім-шарттың қаржылық жағы әлі де ашылып айтылған жоқ. Еуропа және әлем чемпионы деген атағы бар ойыншы "Барса" сапына 2010 жылы "Валенсиядан" 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Биылғы маусымда ол каталониялық клуб қатарында 30 матчқа қатысып, 13 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

Жалпы Давид Вилья "Барселона" қатарында жаман өнер көрсетіп жүрген жоқ. Мысалы, ол соңғы болған ЧЛ "Миланға" қарсы ойында бір гол соқса, испан біріншілігінің 28-тур ойындары аясында "Райо Вальеканоға" (3:1) қарсы өткен матчта бір гол және нәтижелі пастың авторы атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!