Головкин мен Ишида жекпе-жегін «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді

Фотография - Головкин мен Ишида жекпе-жегін «Қазақстан» телеарнасы көрсетеді

30 наурыз күні Монте-Карло қаласында өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Нобихиро Ишиданың жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсететін болды

140 0

30 наурыз күні Монте-Карло қаласында өтетін қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Нобихиро Ишиданың жекпе-жегін «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирден көрсететін болды.

Қарағанды тумасы Головкин ағымдағы жылдың қаңтар айында Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) орта салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын қорғаған болатын. Ал, қарсыласы болса дәл осы дәреженің уақытша чемпионы (2009 жыл).

Ишида кәсіпқой бокстың шаршы алаңында 34 кездесу өткізіп, оның 24-де жеңіске жеткен, 8-де жеңіліп, қалған екі жекпе-жегін тең өткізген. 2012 жылдың мамыр айында жапон боксшысы ресейлік Дмитрий Пирогтан жеңіліп қалған болатын. Д.Пирог болса Головкинмен кездесу өткізуден түрлі сылтаулар айтып бас тартып жүр.

Өз кезегінде Ишиданың бапкерлері Головкинге босаңсымауға кеңес беріп отыр. «Геннадийге қарсыласын бағаламай қоймауын айтқымыз келеді. Аутсайдерлердің үлкен жеңісін талай көрудеміз. Головкиннің өзіне тым сенімді болуы күтпеген жағдайларға алып келуі мүмкін» дейді Ишидоның менеджері Родни Берман.

Ал, Головкиннің өзі болса: «Мен Ишидаға алғысмымды айтамын, оны құрметтеймін. Көрермендерді тартымды, қызықты жекпе-жек күтіп тұр. Ишида мықты боксшы, ол Кирклендті нокаутпен жеңген, Уильямс, Пирог сынды чемпиондармен қолғап түйістірген» деп атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!