Месут Өзіл Қазақстанға қарсы ойнамауы мүмкін

Фотография - Месут Өзіл Қазақстанға қарсы ойнамауы мүмкін

Елорданың «Астана-Арена» стадионында наурыздың 22-сінен 23-іне ауған түні, яғни сағат 00:00-де басталатын Қазақстан – Германия кездесуіне немістер сапынан негізгі құрамның бірнеше ойыншысы қатыса алмайтыны белгілі болды

127 0

Елорданың «Астана-Арена» стадионында наурыздың 22-сінен 23-іне ауған түні, яғни сағат 00:00-де басталатын Қазақстан – Германия кездесуіне немістер сапынан негізгі құрамның бірнеше ойыншысы қатыса алмайтыны белгілі болды.


     Екі құраманың текетіресіне Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев 23 футболшы шақырған. Тізімге жарақат алған бірнеше ойыншы қосыла алмады. Атап айтсақ, Италияның «Лациосында» гол соғып жүрген сұрмерген Мирослав Клозенің ойындарға қатыса алмайтыны әу баста-ақ белгілі болған. Кейін «Боруссия Дортмундтың» және «Баварияның» қорғаушылары Матс Хуммельс пен Хольгер Батштубердің де жарақаттарына байланысты Қазақстанға келе алмайтындықтары анықталды. Сондай-ақ толық тізім жария болып қойғаннан кейін жартылай қорғаушы Лар Бендер де жарақат алып қалды. «Байер» ойыншысы сол аяғын жарақаттап алыпты. Енді Йоахим Левтің қарамағында 22 футболшы қалды. Айтпақшы, «Реал» футбол клубының жұлдызы Месут Өзіл де Астанадағы ойында алаңға шықпауы мүмкін. Мұны Германияда өткен баспасөз мәслихатында немістердің бас бапкері мәлімдеді. Оның да микрожарақаты бар болып шығыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!