Дэвид Бекхэм - жалақысы ең жоғары футболшы

Фотография - Дэвид Бекхэм - жалақысы ең жоғары футболшы

Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубында өнер көрсететін ағылшын Дэвид Бекхэм жалақысы ең жоғары футболшылардың көшін бастады

236 0

Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубында өнер көрсететін ағылшын Дэвид Бекхэм жалақысы ең жоғары футболшылардың көшін бастады. Тізімді France Football басылымы жариялап отыр. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

Бекхэм өзінің 36 миллион еуросымен "Барселона" шабуылшысы Лионел Мессидің алдына шықты. Месси соңғы үш жылдан бері аталған тізімнің көшін ешкімге бермей келген болатын. Өткен жылы оның жалақысы 33 миллион еуроны құраған.

Бекхэмнің "ПСЖ" клубындағы айлық-жалақысы оның жалпы кірісінің тек 5 пайызын ғана құрайды. Ал, Мессидің "Барселонадан" алатын ақысы 12,5 миллион еуро. Тағы жарты миллионды ол клуб басшыларынан бонус ретінде алса, қалған 22 миллионы жарнамадан түсетін көрінеді.

Бұл тізімнің үшінші сатысында мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду тұр. Оның бір жылдық табысы 30 миллион еуро. Бұл қаржының 16,5 миллионын ол коммерциялық келісімдерден табады екен.

Ресейдің "Анжиінде" доп теуіп жүрген камерундық Самуль Это'О 24 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына тұрақтап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!