Тоғызқұмалақтан жеңімпаздар анықталды

Фотография - Тоғызқұмалақтан жеңімпаздар анықталды

15-18 наурыз аралығында Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан «Суперлиганың» 1-кезеңі өтті

271 0

15-18 наурыз аралығында Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан «Суперлиганың» 1-кезеңі өтті.

Жарысқа республикалық рейтингтегі 1-6 орындағы еліміздің үздік спортшылар қатысты.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше,  1-кезеңнің қорытындысы бойынша орындар келесі ретте анықталды: 1 орын - Нұрбек Қабиев (Ақтөбе) - 5 ұпай; 2 орын - Жанат Қаймолдин (Павлодар) - 4 ұпай; 3 орын - Ғалымжан Темірбаев (ОҚО) - 2,5 ұпай; 4 орын - Серік Ақтаев (ОҚО) - 1,5 ұпай; 5-6 орынды Хакімжан Елеусінов (Қызылорда) және Айдос Сейітжан (Астана қ.) иеленді

«Суперлига» (1-кезең) жарысының жабылуы салтанатында спортшылар ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің медальдары мен дипломдарымен, Қостанай облысының Тоғызқұмалақ Федерациясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау рәсіміне тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының алғашқы спорт шебері Дмитрий Поликов қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!