Қазақ жігітінің рекорды есепке алынбады

Фотография - Қазақ жігітінің рекорды есепке алынбады

Талдықорғандық Елубай Машаев гір көтеру спортынан әлем рекордын жаңартып, екі қолмен 32 келілік гір тасын 2 сағат 4 минутта 800 рет көтерді

430 0

Талдықорғандық Елубай Машаев гір көтеру спортынан әлем рекордын жаңартып, екі қолмен 32 келілік гір тасын 2 сағат 4 минутта 800 рет көтерді. Өкініштісі, бұл есепке алынбайды. Себебі Талдықорғанда өткен қала біріншілігіне халықаралық дәрежедегі төрешілер шақырылмаған.

Талдықорғанда өткен ашық қала біріншілігіне «мен рекорд жаңартуға бара жатырмын» деген Елубайдың сөзіне ешкім сенбеп еді. Бойы аласа, арық келген жігіт ағасының сырт келбетіне қарап, рекорд жаңартады деп ойлау әбестік болар.

Сонымен, Елубай аға ортаға шықты. Төрешілер секундомерді алып санай бастады. Бұл сынға тыңғылықты дайындалып келген жерлесіміз гір тасын 2 сағаттан астам үзбей көтерді. Төрешілер бірін-бірі ауыстырып, әуреге түсті.

– Мен өзімнің алғашқы рекордымды осыдан екі жыл бұрын Киров қаласында өткен Ресейдің ашық біріншілігінде орындағанмын. Ол кезде мен 1 сағат ішінде 24 келілік гір тасын 661 рет көтергенмін, – дейді 40-тың қырқасына шыққан жігіт ағасы.

– Әрине, менің бүгінгі нәтижем есепке алынбайды. Себебі бұл біріншіліктің деңгейі төмен. Бірақ мен өзіме осындай істің қолымнан келетінін дәлелдедім. Бұл нәтижені енді ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабы үшін қайталай аламын деп ойлаймын. Бірақ ол үшін халықаралық дәрежедегі төрешілерді шақыру керек. Ал ол үшін бірнеше мың доллар қаржы қажет.

Айта кетелік, гір көтеруден Талдықорғанның ашық біріншілігі ақпанның аяғында өткен болатын. Онда жүзден астам спортшы бақ сынап көрді. Алайда рекорд жаңартуға шыққан тек Елубай Машаев қана.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!