Қазақстан - Германия ойыны кезінде қосымша автобустар қызмет көрсетеді

Фотография - Қазақстан - Германия ойыны кезінде қосымша автобустар қызмет көрсетеді

22 наурызда «Астана-арена» стадионында Қазақстан мен Германия арасында футбол матчы өтеді

243 0

22 наурызда «Астана-арена» стадионында Қазақстан мен Германия арасында футбол матчы өтеді.

Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтар стадионға еш қиындықсыз келіп-кетуі үшін қосымша автобустар шығарылады. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.  

«Қазіргі кезде  «Астана-арена» аялдамасына №10, 12, 27, 30, 40, 41, 43 секілді 7 бағдардағы автобустар тоқтайды. Жай         күндері олар 00.00 сағатқа дейін қызмет көрсетеді. 00.00 сағаттан кейін «Астана-Аренаға» жиналады. Сонымен қатар оларға сол жағалауда жүретін № 18, 20, 21, 28, 30, 42 және 46 нөміріндегі  тағы 7 маршрут қосылады. Қорыта айтқанда, ойын аяқталарда (02.00 сағат шамасында) стадионда 70-ке тарта автобус болады. Ойыннан кейін осы автобустар жанкүйерлерді отырғызып алып, бағдар бойынша қаланың белгіленген нүктесіне жеткізеді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Басқармадан хабарлағандай, түн мезгілінде де қоғамдық көліктегі жол жүру құны бұрынғысынша  60 теңге көлемінде қалады. Тек айлық жол жүру билеттері жарамсыз болады.

Астана қаласы ЖПБ бастығының орынбасары Қали Аймағамбетовтың айтуынша, футболды тамашалауға келгендер «Астана арена» стадионының 1500 орындық тұрағы толған жағдайда, көліктерін «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Сарыарқа» республикалық велотрегінің тұрақтарына қоюына рұқсат етіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!