Немістерден тағы да ұтылдық

Фотография - Немістерден тағы да ұтылдық

Астанада аяқталған Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы ойын 0:3 есебімен неміс жұртының пайдасына шешілді

222 0

Астанада аяқталған Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы ойын 0:3 есебімен неміс жұртының пайдасына шешілді. Біздің жігіттер ойынның алғашқы бөлігінде сылбыр көрінгенімен матчтың екінші жартысында ширақ қимылдап бірнеше рет Нойер қорғаған қақпаға қауіп төндіре білді. Қонысбаев пен Шмидтгальдың есепті қысқартатын тамаша мүмкіндігі болған, алайда оларға сәттілік жетіспеді.

Естеріңізге сала кетсек қос құрама осы айдың 26-жұлдызында неміс жерінде қайта кездеседі.

Қазақстан – Германия – 0:3

Голдар: Швайнштайгер, 20, Гетце, 22. Мюллер, 74.

Қазақстан: Сидельников, Киров, Логвиненко, Гурман, Дмитренко, Нұрдәулетов, Байжанов (Коробкин, 36), Шмидтгаль, Жолшиев, Хайруллин (Қонысбаев, 65), Остапенко (Гетериев, 82).

Германия: Нойер, Лам, Мертесакер, Шмельцер, Хевенес, Хедира (Гюндоган, 82), Швайнштайгер, Эзил, Дракслер (Подольски 19), Мюллер (Шюррле 82), Гетце.

Бас төреші: Анастасиос Какос (Греция)

Ескертулер: Логвиненко, 11. Коробкин, 56. Дмитренко, 65 — Швайнштайгер, 70. Хеведес, 89.

22 наурыз. Астана. «Астана-Арена»


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!