Марио Гетце: «Қазақстан футболшылары бізге еш еркіндік бермеді»

Фотография - Марио Гетце: «Қазақстан футболшылары бізге еш еркіндік бермеді»

«Әлем біріншілігі – 2014» іріктеу додасынан кейін түзде Қазақстан құрамасынан басым түскеннен кейін Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Марио Гетце бұл жеңістің немістерге оңайлықпен келмегенін атап өтті

166 0

«Әлем біріншілігі – 2014» іріктеу додасынан кейін түзде Қазақстан құрамасынан басым түскеннен кейін Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Марио Гетце бұл жеңістің немістерге оңайлықпен келмегенін атап өтті.


—    Ойын біз ойлағандай оңай болмады. Қорғаныстарына берік болған Қазақстан футболшылары еркін қимылдауымызға еш мұрша бермеді. Сондықтан да болар, шабуылымызды да жүйелі ұйымдастыра алмай жаттық. Дегенмен, ең бастысы гол соға алдық. Таза шабуылшысыз өнер көрсету тактикасы да өз жемісін берді, - деп келтіреді неміс бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Чемпионат.com  сайты.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың «Астана-Аренасында» өткен ойында Қазақстан құрамасын Германиядан 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Үш доптың бірін осы Гетце соққан. Енді бұл командалардың екінші кездесуі 26 наурызда Германияда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!