Аstana Arlans боксшылары Argentina Condors командасына есе жiбердi

Фотография - Аstana Arlans боксшылары Argentina Condors командасына есе жiбердi

 алғашқы ширек финалдық бәсекесiнде  Argentina Condors боксшыларына есе жiбердi.

134 0

Қазақстандық Astana Arlans командасы Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) алғашқы ширек финалдық бәсекесiнде  Argentina Condors боксшыларына есе жiбердi.

Матчтың алғашқы кездесуiнде 54 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiнде отандасымыз Ерлiк Әбдiрайымов өзiнiң қарсыласы Альберто Мелианға жол бердi. Келесi жекпе-жекте 61 келi салмақта өнер көрсеткен Astana Arlans құрамасының капитаны Самат Башенов аргтиналық Ронан Санчездi жеңiп, матчтағы есептi теңестiрдi. WSB турнирiнiң биылғы маусымында жеңiлiс көрмеген астаналық команданың легионерi Сергей Деревянченко бұл жолы Карлос Брайан Кастаньодан айласын асыра алмады. Astana Arlans боксшысы, хорватиялық Хрвое Сеп те (85 келi) қарсыласы Жамиль Перальтаға жеңiсті қолдан берiп қойды.

Матчтық кездесудiң ауыр салмақ иелерi арасында өткен соңғы жекпе-жегiнде «Астана Арландарының» гүрзi жұдырық боксшысы румын Михай Нистор шаршы алаңда қарсыласы Оскар Рикардо Перестi екiншi раундта нокаутпен жеңдi.

Осылайша, қазақстандық "Астана Арландары" 2:3 есебiмен Аргентина боксшыларына тiзе бүктi. Екi команда арасындағы келесi кездесу 29 наурыз күнi Алматы қаласында өтетiн болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!