Америкалық журналист Денис Тенге алтын жүлде беруді талап етуде

Фотография - Америкалық журналист Денис Тенге алтын жүлде беруді талап етуде

Америкалық журналист Моника Фридлендер биылғы жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен жеңіске жетті деп ойлайды

169 0

Америкалық журналист Моника Фридлендер биылғы жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен жеңіске жетті деп ойлайды. Ол халықаралық коньки федерациясы президенті Оттавио Чинкванте пен ХОК басшысы Жак Роггенің атына арнайы хат жазып, Денис Тенге алтын медаль беруді талап етпек.  Және ол арнайы петицияға қазір қол жинап жатыр, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталынан.

Канадада өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жарыс қожайыны Патрик Чаннан ұтылып, күміс медаль алған еді. Америкалық журналистің ойынша, биылғы сынды Чан емес Тен ұтқан.

«Біздің ойымызша, Чанға әділетсіз түрде алтын медаль берілді. Чан екінші бағдарламада екі рет құласа да алтын алды. Мұндай қателіктермен алтынды былай қойғанда тұғырға шығудың өзі әділетсіздік. Биылғы жылдың алтын медалі Денис Тенге берілуі тиіс» деп жазылған Фридлендердің хатында.

Бұған дейін, Денис Теннің әлемдік сында алтын алу керектігін олимпиада чемпионы Евгений Плющенко, америкалық мәнерлеп сырғанаушылар Джонни Вейр және Тодд Элдридж де қадап айтқан еді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!