Патрик пен Янсен сапқа қосылды

Фотография - Патрик пен Янсен сапқа қосылды

"Гамбург" клубының жартылай қорғаушылары Патрик Херрман мен Марсель Янсен Нюрнбергте Қазақстан құрамасына қарсы шығады

217 0

26 наурыз күні Нюрнберг қаласында Германия мен Қазақстан құрамасы арасындағы матч өтеді. Аталған кездесу 2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Германияның екінші  кездесуі болмақ. Осы орайда,"неміс машинасының" бас бапкері Йоахим Лев ұлттық құрамаға жаңа екі ойыншы шақырды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. "Гамбург" клубының жартылай қорғаушылары Патрик Херрман мен Марсель Янсен Нюрнбергте Қазақстан құрамасына қарсы шығады. Алдағы матч Патрик үшін Германия құрамасының жейдесіндегі алғашқы матч болмақ. Ал, Марсель ұлттық құрама үшін  36 ойын өткізіп үлгерген. Аталған екі ойыншы Астанада жарақат алып қалған Дракслер мен сары қағаздарының көптігінен келесі матчқа қатыса алмайтын Бастиан Швайнштайгерді алмастырады деп күтілуде.

Нюрнбергте өтетін Германия мен Қазақстан арасындағы кездесуді 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!