Үш күн ішінде Маңғыстауда үш көлік өртеніп кетті

Фотография - Үш күн ішінде Маңғыстауда үш көлік өртеніп кетті

Өткен аптада Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары бөлімшелерінің қызметі дабыл бойынша 22 рет өрт сөндіруге және апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге шыққан

234 0

Өткен аптада Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары бөлімшелерінің қызметі дабыл бойынша 22 рет өрт сөндіруге және апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге шыққан.

Соның ішінде үш күнде 3 көліктің өртену фактісі орын алды.

«Көліктердің өртену фактілері ерекше назар аудартады. Бірінші жағдай бірнеше күн бұрын Жаңаөзен қаласында түскі уақытта болды. «Самал» шағын ауданы көшелерінің бірінде 1991 жылы шығарылған «Nissan Primera» автокөлігінің  моторлы бөлігі жанып кетті. Екінші оқиға мейрамды тойлау кезінде сол Жаңаөзен қаласында болды. Ақсу шағын ауданында 1990 жылы шығарылған «КамАЗ-5320» көлігінің кабинасы түгелдей өртеніп кетті. Үшінші жағдай Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында тіркелді, нәтижесінде «Лада Приора» автокөлігі салонында және моторлы бөлігіне зақым келген», - Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық  құтқару жұмыстары қызметі» ММ бас маманы Рукья Сычева айтып берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!