Қысқы спартакиада өз мәресіне жетті

Фотография - Қысқы спартакиада өз мәресіне жетті

Үш күнге созылған облыстық қысқы спартикиада кеше өз мәресіне жеткен.

356 0

Спорттың 9 түрінен, 19 аудан мен 2 қаладан келген 700-ге жуық спорт майталмандарының басын қосқан XVIII «Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасының алауы Бұланды ауданының төрінде жағылған болатын, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Үш күнге созылған облыстық қысқы спартикиада кеше өз мәресіне жеткен. 21 команда өзара бақ сынасып, байрақты бәсеке өз жеңімпаздарын анықтады. Жалпы, жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Бурабай ауданы жеңімпаз атанды. 2-орыннан Зеренді ауданы көрінсе, 3-орынды Атбасар ауданы иеленді. Бағы мен бабы қатар шауып жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұландылықтар спартакиада жалауын Бурабай ауданына табыс етті. Келесі жылғы қысқы спарткиада Бурабай өңірінде өтетін болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!