Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Фотография - Алматыда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Наурыз мерекесіне орайластырылған бұл шараны  қала әкімдігінің қолдауымен «Алаш Прайд» клубы ұйымдастырып отыр.

249 0

Алматыда  31 наурызда аралас жекпе-жектен (ММА)  бойынша «Алаш Прайд» клубының 10 сайыпқыраны Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан спортшыларымен сайысқа түседі.

Наурыз мерекесіне орайластырылған бұл шараны  қала әкімдігінің қолдауымен «Алаш Прайд» клубы ұйымдастырып отыр. Жарыстың басты кездесуі панкратиннан Әлем чемпоны Ержан Естанов пен ММА-дың Fight Night нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Расул Мирзаев арасында өтеді деп жоспарланып отыр. Егер бұл сында қазақстандық спортшы басым түссе, ММА-дың  Fight Night нұсқасы бойынша да  чемпиондық белдікті беліне тағатын болады.

«Арлан» деген лақап аты бар Ержан Естановтың қоян-қолтық ұрыстан, джиу-джитсудан, әскери самбодарн, ушу-санда мен «Жекпе-жектен» спорт шебері деген атақтары бар. Бұған дейін 2009 жылы «Алты бұрыш» нұсқасы бойынша ережесіз жекпе-жектен ТМД чемпионы, 2011 жылы кәсіби панкратинның «ISCP» нұсқасы бойныша командалық кубогының иегері және Әлем чемпионатының финалисі болды. Сондай-ақ ережесіз жекпе-жектен «NOFC» гран-при турнирінің жеңімпазы, ережесіз жекпе-жектің «Жекпе-Жек» нұсқасы бойынша халықаралық турнирдің чемпионы жәнге ММА аралас жекпе-жегінен «Гран-при RIVIERA» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ал кәсіби панкратиннан Әлем чемпионы атағын 2012 жылы иеленген болатын.


Тегтер:

Жекпе жек

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!