Аргентиналық боксшы Сималды іш киімі «құтқарып» қалды

Фотография - Аргентиналық боксшы Сималды іш киімі «құтқарып» қалды

«Argentina Condors» командасының 85 келі салмақтағы боксшысы Факундо Симал WSB ережесіне сәйкес, рингке шықпай тұрып, «жеңіліп» қалуға шақ қалды.

190 0

«Argentina Condors» командасының 85 келі салмақтағы боксшысы Факундо Симал WSB ережесіне сәйкес, рингке шықпай тұрып, «жеңіліп» қалуға шақ қалды. Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Astana Arlans» командасының жігіттерімен таразға түсу барысында жоғарыда аты аталған аргентиналықтың біздің боксшымыз Эхсан Рузбаханиден салмағы 500 граммға артық болып шықты.

Арнайы бектілген тәртіпке сәйкес, егер спортшылардың салмағы тең түсіп немесе жарты келіге артық болса, боксшылар рингке шығу мүмкіндігінен айрылады. Ал егер артық салмақ 500 граммнан кем болса, боксшы өз өнерін көрсету құқына иелік етеді.

Ереженің екінші тармағына сай келген Факундо Сималдың салмағы кездесудің бас супервайзері Мохамед Мустахсанның кішігірім жиналыс өткізуіне мәжбүрледі. Ақылдаса келе шараны ұйымдастырушылар Сималға таразға қайта түсуге рұқсат берді. Бірақ, бұл жолы, тіпті іш киімсіз...

Мұны естіген спортшының ұяты бетіне шапшыса керек, ұйымдастырушылардан залдағы қыз-келіншектерді шығарып жіберуді өтінді. Оның бұл өтінішін ешкім орындамаса да, таразға тұру барысында оның әуретті жерін алжапқышпен жауып тұрды. Бұл жолың оның салмағы 50 граммға азайды. Сөйтіп, аргентиналық Сималға сәттілік серік болып, жалаңаштанып жүріп қолжеткізген «жеңісін», енді 29 наурыз күні 19:00-де Алматы рингінде қорғау мүмкіндігі бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Буэнос-Айресте өткен алғашқы кездесуде біздің команда өкілдері «Argentina Condors» командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалған болатын.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!