Футзалдан Қазақстан құрамасы Латвиядан басым түсті

Фотография - Футзалдан Қазақстан құрамасы Латвиядан басым түсті

2014 жылы өтетін футзалдан Еуропа біріншілігінің аясында өтіп жатқан іріктеу ойындары барысында Қазақстан ұлттық құрамасы Латвиядан басым түсті.

230 0

2014 жылы өтетін футзалдан Еуропа біріншілігінің аясында өтіп жатқан іріктеу ойындары барысында Қазақстан ұлттық құрамасы Латвиядан басым түсті. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

Латвияда өткен кездесудегі есеп – 2:0. Алаңға тек жеңіс үшін шыққан латвиялық футзалшылар ойын басталған сәтте-ақ өз қақпаларына гол жіберіп алды, көзге түскен Николай Пенгрин. Ал, мұнан кейін толассыз шабуылдаған латыштар қақпашы Виталий Халявиннен айлаларын асыра алған жоқ.

Кездесудің екінші кезеңінде қазақстандықтар есепті еселеді. 23 минутта көзге түскен – Михаил Першин. Латвия құрамасы ойынды құтқарып қалу үшін қаншама рет жанталаса шабуылдағанымен, қарсыластар қақпасына гол сала алмады.

Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай бар. Бізбен келесі ойынын өткізетін Румыния да да дәл осындай жағдай.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!