Ұлттық құрама бас бапкерсіз қалды

Фотография - Ұлттық құрама бас бапкерсіз қалды

2012 жылдың қараша айында дзю­додан бас командамызды ру­мын маманы, бүгінде Германияда тұ­рып жатқан Флориан Величке се­ніп тапсырған едік

157 0

2012 жылдың қараша айында дзю­додан бас командамызды ру­мын маманы, бүгінде Германияда тұ­рып жатқан Флориан Величке се­ніп тапсырған едік. Кейін баспасөз бет­терінде Величтің маман ретінде ат­қарған жұмыстары көңілден шық­­пайды деген ақпар  тара­ды. Осы орайда біз ұлттық құ­ра­ма­ның аға бапкері Ермек Иман­бековке ха­барласып, мә­се­ленің мән-жайын сұраған едік.

– Флориан құжаттарын алып, өз еліне кетуге дайындалып жатыр. Се­бебі оның бапкерлік әдісі феде­ра­цияның көңілінен шыққан жоқ. Ол ұлт­тық құрамалармен емес, не­гі­зінен, клубтармен жұмыс істеген. Сон­­дықтан оның қызметінен бас тартуға мәжбүрміз. Әзірге кімнің бас бапкер болатыны белгісіз, – деп жауап берді бізге Ермек Абылұлы.

Ал наурыздың 30-31 күн­дері Түркияның Самсун қаласында дзю­додан ерлер мен әйелдер ара­сындағы Гран-при бәсекесі өтеді. Осыдан соң «иек астында тұрған айтулы додаға құраманы кім бастап апарады» деген сұрақтың тууы орынды. Самсунда өтетін әлемдік сында Қазақстан құрамасына аға бап­кер Ермек Иманбеков пен Сер­гей Раков бас-көз болады. Мінеки, шетелден аттай қалап алдырған бапкер біздің дзюдоны көгерте алмайды екен...


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!