«Астана арландары» жартылай финалда

Фотография - «Астана арландары» жартылай финалда

«Astana Arlans» қазақстандық командасы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шықты

174 0

«Astana Arlans» қазақстандық командасы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шықты.

Жауапты ширек финалдық кездесу барысында «Арландар» аргентиналық команда «Argentina Condors»-ты 5:0 есебімен жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

54 келіге дейінгі матчтық кездесудің алғашқы айқасуында қазақстандық боксшы Бағдат Әлімбеков аргентиналық Игнасио Перринодан басым түсті. Қазастандық бірінші раундтан бастап алаңдағы көшбасшылықты өз қолына алып, Перринге бірде-бір раундты бұйыртпады, есеп 3:0.

61 келіге дейінгі салмақта аргентиналық командаға техникалық жеңіліс жазылды. Себебі Ержан Мүсәпіровпен жұдырықтасуға тиіс болған Брайан Нуньес визаны уақытында ала алмай, Қазақстанға келмеді.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Astana Arlans» үшін өнер көрсететін Израиль боксшысы Константин Снигур аргентиналық Хенри Поланконы жеңді. 85 келіге дейінгі салмақта «арландардың» ирандық легионері Эхсан Рузбахин Факундо Симальді ұтты. Ауыр салмақтылар арасында біздің украиналық легионер Роман Капитоненко Анхел Вилальбаны соққының астына алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!