Ендігі қарсыласымыз — ВЭФ

Фотография - Ендігі қарсыласымыз — ВЭФ

ВТБ баскетбол лигасының біріншілігі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалардың барлығы анықталды. Олардың ендігі кезеңдегі жұптары да белгілі

318 0

ВТБ баскетбол лигасының біріншілігі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалардың барлығы анықталды. Олардың ендігі кезеңдегі жұптары да белгілі.

ВТБ баскетбол лигасының регламенті бойынша, плей-офф кезеңіне екі топтан үздік алты командадан шығады. Яғни барлығы 12 ұжым кубокқа таласты жалғастырады. Оның сегізі плей-офф додасының бірінші кезеңінен бастап сынға түссе, өз топтарында үздік шыққан төртеуі өз ойындарын ширек финалдан бастайды. Турнир қағидасы бойынша, плей-офф додасының бірінші кезеңінде екі ойында жеңіске жеткен команда ширек финалға жолдама алады. Ал ширек финал, жартылай финал және ақтық кездесудің жеңімпаздары үш жеңістің нәтижесінде анықталады.

Плей-офф бәсекесі мамырдың алғашқы күнінде басталса, жалпы, лиганың жеңімпазы маусым айының алғашқы онкүндігінде анықталады.

Қазақтың «Астана» баскетбол клубы 1/8-финалда Латвияның ВЭФ командасымен кездеседі. Бірінші ойын мамырдың 1-інде елордамызда өтпек. Одан кейін 3 мамырда Ригаға қонаққа барамыз. Егер осы кездесуден кейін жалпы есеп 1:1 болса, онда келесі күні Латвия астанасында тағы да айқасамыз. Ал ВЭФ клубын айналып өткен жағдайда ширек финалдағы қарсыласымыз Мәскеудің «Химки» клубы болмақ.

1/8-финалдың жұптары:

ВЭФ (Латвия) – «Астана» (Қазақстан), «Красные крылья» (Ресей) – «Триумф» (Ресей), «Спартак» (Ресей) – «Нижний Новгород» (Ресей), «Локомотив-Кубань» (Ресей) – «Донецк» (Украина).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!