Үш боксшымыз ақтық сында

Фотография - Үш боксшымыз ақтық сында

Украинаның Херсон қаласында Николай Мангерді еске алуға арналған бокстан VIII халықаралық турнир өтуде. Бұл сыннан Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да тыс қалған жоқ

299 0

Украинаның Херсон қаласында Николай Мангерді еске алуға арналған бокстан VIII халықаралық турнир өтуде. Бұл сыннан Мырзағали Айтжанов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да тыс қалған жоқ. Бүгін финалдық айқастар өтеді. Ал, кеше жартылый финалдық бәсекелер аяқталып, алтын үшін таласатын спортшылар есімі анықталды.

49 келі

Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Хасанбай Досматов (Өзбекстан) 12:14

Естеріңізде болса, Астанада өткен төрт елдің турнирінде тап осы Хасанбай Досматов біздің тәжірибелі Біржан Жақыповты жеңіп кеткен еді. Енді міне Теміртас та Хасанбайға қарсылық көрсете алмады. Теміртас турнирдің қола жүлдегері. Бұл салмақтың ақтық сынында грузиялық Давит Нанава мен Хасанбай қолғап түйістіреді.

69 келі

Бақытжан Қожабеков (Қазақстан) - Алексей Акулов (Ресей) 15:6

Жартылай финалда ресейлікті оп-оңай жеңіп алған Бақытжанның финалдағы қарсыласы украиналық Олег Зубенко. Олег жартылай финалда өзінің отандасы, бізге жақсы таныс Тарас Шелестюктің інісі Богдан Шелестюкті ұтып кеткен.

81 келі

Алмат Серімов (Қазақстан) - Бурак Акшин (Түркия) 17:12

Түрік боксшысына айла қалдырмаған Алматтың финалда украиналық былғары қолғап шебері Александр Ганзулямен жолығады.

+91 келі

Жан Кособуцкий (Қазақстан) - Камран Мехтеев (Әзірбайжан) 17:4

Былтыр Қазақстан чемпионы атанған Жан халықаралық турнирлерде қарсылас шақ келтірер емес. Енді ол сайыстың бас жүлдесін сарапқа салу үшін өзбекстандық Мырзақожа Абдуллаевпен кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!