Бүгін түнде Геннадий Головкин алаңға жапондық Нобухиро Ишидаға қарсы шығады

Фотография - Бүгін түнде Геннадий Головкин алаңға жапондық Нобухиро Ишидаға қарсы шығады

Бүгін түнде Монте-Карлода орта салмақтағы WBA және IBO-ның әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті айқасын WBO-ның әлем чемпионы атағына бұрыңғы үміткер орта салмақтағы жапондық Нобухиро Ишидаға қарсы өткізеді

150 0

Бүгін түнде Монте-Карлода орта салмақтағы WBA және IBO-ның әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің кезекті айқасын WBO-ның әлем чемпионы атағына бұрыңғы үміткер орта салмақтағы жапондық Нобухиро Ишидаға қарсы өткізеді.

Жекпе-жек сағат 01.30-да «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.

Бүгін Монакода кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті. Sports.kz хабарлағанындай, боксшының екеуі де орта салмақ дәрежесіне (160 фунт; 72,58 келі) сай болды. Головкин таразыда 159,3 фунтты (72,26 келіні), Ишида - 158,5 фунтты (71,9 келіні) көрсетті.

Еске салайық, Головкин өзінің соңғы күресін 19 қаңтар күні Madison Square Garden (Нью-Йорк, АҚШ) алаңында өткізді. Ол америкалық Габриэль Росадоны жетінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, өзіне тиесілі титулды қорғап қалды.

Ишида әуесқойлар алаңында 116 кездесу өткізіп, 101-ін ұтты, оның 50-і нокаутпен аяқталды.  2009 жылдың 30 тамызында Авенданомен қайта күресінде WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына ие болды. 2010 жылы атақты екінші рет қорғауда Ригоберто Альваресқа (26-2) ұтылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!