Қазақ пен шешен спортшылары төбелесіп қала жаздады

Фотография - Қазақ пен шешен спортшылары төбелесіп қала жаздады

Алайда, айтулы шара соңы төбелеске ұласа жаздады.

205 0

Бүгін Алматыда қоян қолтық ұрыстан қазақстандық "Алаш Прайд" құрамасының жігіттері өзге елдерден келген спортшылармен бақ сынасады. Осы кездесу алдында қарсыластар кеше салмақтарын өлшеді. Алайда, айтулы шара соңы төбелеске ұласа жаздады.

Оқыс жайт қазақстандық Қуат Хамитов пен шешен жігіті Зұбайра Тухугов таразыға түсіп болғаннан кейін орын алды. Екі спортшы жұрт алдында "жаға ұстасып", бар мәселені тұғырда шешіп тастауды жөн көргендей әсер қалдырды. Дегенмен, ұйымдастырушылар төбелестің ушығып кетуіне жол берген жоқ. Айта кетейік, З.Тухугов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың сүйікті спортшысы.

"Алаш Прайд" директоры Асхат Ерболатов шараға келгендерге орын алған жайттың тек жігіттердің қызуқандылығынан орын алғандығын түсіндіріп, нағыз "алыптардың айқасы" жексенбі кешке өтетіндігін мәлімдеді.

Айта кетейік, қоян қолтық ұрыстан өтетін кездесу Алматыдағы Almaty Towers бизнес-орталығының ғимаратында бүгін сағат 18.00-де өтеді. Басты кездесу ресейлік әлем чемпионы Расул Мирзоев пен қазақ жігіті Ержан Естанов арасында орны алмақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!