Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Словениядағы турнирде «күміс» еншіледі

Фотография - Конькимен мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев Словениядағы турнирде «күміс» еншіледі

Triglav Trophy турнирінде ерлердің жеке сырғанауында екінші орын алды.

151 0

Конькимен мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Бледінде өтіп жатқан Triglav Trophy турнирінде ерлердің жеке сырғанауында екінші орын алды.

Қысқа және еркін бағдарламаларда А.Рақымғалиев барлығы 182,20 балл еншіледі. Турнирде 210,15 балмен ресейлік Артур Гачинский бірінші болды. Үшінші орынға 177,43 балл жинаған жапондық Дайсуке Мураками орналасты.

Өткен жылы А.Рақымғалиев Triglav Trophy турнирінде алтын медаль иеленген болатын, ал 2011 және 2009 жылдары жарыстардың қола жүлдегері атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!