«АЛАШ ПРАЙД» – әлем құрамасымен тең түсті

Фотография - «АЛАШ ПРАЙД» – әлем құрамасымен тең түсті

Алматыда «Ұлы майдан» атты ережесіз жекпе жектен ірі халықаралық турнир өтті. Бұл додада «Алаш прайд» пен әлем құрамасы кездесуі 5:5 есебімен тәмамдалып, нәтиже тең аяқталды.

237 0

57 келілік салмақта «Қазақ» лақап атымен белгілі спортшы Қайрат Ахметов, өзбекстандық Нурали Бакирденовпен айқасты. Қара жорға биімен жұртқа танымал Қайрат өзбек спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Кездесудің бірінші раундында «Қазақ» қылқындыру әдісімен жеңіске қол жеткізді. 60 келіде «Арыстан» Асылан Тоқтарбаев украиналық Дмитрий Шаповал мен қарсылас атанды. Қазақ спортшысы қарсыласын бірінші раундта-ақ талдырып тастады. Төрешілер кездесуді тоқтатып, жеңісті Асыланға берді. 65 келіде «Арлан» Ержан Естанов дағыстандық Расул Мырзаевпен күш сынасып, Әлем чемпионы атағы қонағымыз Мырзаевтың қанжығасында кетті. Ал 65 келіде «Сұңқар» Арман Оспанов пен Вугар Мамедзаде (Әзірбайжан) арасындағы жекпе-жекте Арман төрешілер шешімімен екі раунд қорытындысы бойынша басым түсті. 70 келіде «Әл-Асад» Ермек Тілауов түркиялық Осман Нәдір арасындағы сайыста түрік спортшысы сегіз бұрыш төріне шығып тұрып, кездесуден бас тартты. Оның төбелесуден бас тарту себебі белгісіз күйінде қалды. 71,5 келілік салмақ дәрежесіндегі тартыс «Алғыр» Ақтілек Жұмабекұлы мен дағыстандық Магомед Алхазов арасында өтті. Ақтілек кездесу барысында қарсыласына есе жіберді. 72 келіде де біздің елдің өкілі «Найман» Қуат Хамитов шешенстандық Зубайра Тухуговқа есе жіберді. Бұл оның спорттық карьерасындағы үшінші жеңілісі ретінде тіркелді. Сондай-ақ, кездесу барысында 77 келіде Ақсақал Құсайынов пен ресейлік Мариф Пираев (Пираев қарсыласын екінші раундта таза ұтты), 93 келіде Шахболат Юсупов пен грузиялық Гоча Смоян (Грузия спортшысы біздің спортшыдан басым түсті) 93 келіден жоғары салмақта Қылышбек Сарқарбаев мен украиналық Евгений Деньщиковтың кездесуінде Қылышбек өз қарсыласын қылқындыру арқылы бірінші кезеңде таза жеңіске жетті.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!