Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фотография - Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық 19 жастағы спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Блед қаласында өткен Triglav Trophy халықаралық турнирінің күміс медалін иеленді

230 0

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық 19 жастағы спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Блед қаласында өткен Triglav Trophy халықаралық турнирінің күміс медалін иеленді.

Рақымғалиев еркін және техникалық бағдарламаның қорытындысы  бойынша 182,20 балл жинады. Жарыста ресейлік Артур Гачинский (210,15 балл) жеңіске жетіп, қола жүлдені  Жапония спортшысы Дайсуке Мураками (177,43 балл) иеленді.

Абзал Рақымғалиев - 2014 жылы өтетін Сочи олимпиадасына жолдама ұтып алған қазақстандық екі спортшының бірі. Ол былтыр осы жарыстың жеңімпазы атанған еді. Ал 2009, 2011 жылдары қола жүлде алған.

Triglav Trophy – 1992 жылы алғаш рет жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған турнир. Ал 2003 жылдан бері бұл жарысқа жасөспірімдермен бірге ересек мәнерлеп сырғанаушылар да қатысып келеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!