Мессидің жарақаты мен Буффонның сенімсіз ойыны

Фотография - Мессидің жарақаты мен Буффонның сенімсіз ойыны

Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары басталды

222 0

Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары басталды. Франция астанасы Парижге атақты «Барселона» клубы қонаққа барып жергілікті ПСЖ клубымен 2-2  есебімен тең ойнап қайтты. Бұл ойында каталондықтардың бас бапкері Тито командаға оралды. Ойынның алғашқы бөлігінде гол соққан «Барселонаның» жұлдызды шабуылшысы Месси екінші таймда жарақатына байланысты алаңға шыға алмады. Мессидің енді алаңға қашан оралатыны медициналық тексерістен кейін белгілі болады. 

«ПСЖ» (Франция) – «БАРСЕЛОНА» (Испания) 2:2 (0:1).

Голдар: Месси 38 (0:1),Ибрагимович 80 (1:1),Хави  89 минутта пенальти арқылы (1:2),Матюйди 90+4 (2:2).

Сары қағаз алғандар:Пике 18, Альба 62, Блез 65,  Бэкхем 68, Маскерано 75, Алвес 85, Ибрагимович 87,  Сиригу 89

Неміс жерінде «Бавария» мен туриндік «Ювентус» өзара мықтыны анықтады.  Алаң йелері салған жерден шабуылға көшіп ойынның алғашқы минутында – ақ есепті ашып үлгерді. Алаба қарсыластың қателігін кешірмеді. «Ювентустың» серке ойыншылары Пирло мен Буффон кеңінен көсіле алмады, бірнеше қателікке жол берді. Буффонның сондай бір сенімсіз ойынынан кейін қанақтар қақпаларына екінші голды жіберіп алды. Густаваның алыстан бағыттаған соққысын әккі қақпашы қайтарамын деп Манджукичтің аяғына салып берді. Харват өз кезегінде қақпа алдында ашық тұрған Мюллерге допты еш қиындықсыз жеткізді. Соңғысы бос қақпа алдында абдырып қалмады. Бұл осы ойындағы соңғы гол болатын.

«БАВАРИЯ» (Германия) – «ЮВЕНТУС» (Италия) 2:0 (1:0).

Голдар:Алаба 1 (1:0),Мюллер 63 (2:0).

Сары қағаз алғандар:Манджукич 44, Кьеллини 53, Артур Видаль 67,  Лихштайнер 77,   Густаво 82

Бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 00:45  ширек финалдың тағы екі ойыны өтеді. Қос ойын да испан жерінде болады.  Мадридтте «Реал» мен «Галатасарай» ойнаса, Малагада жергілікті команда дортмундтық «Боруссиямен» кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!