«Ордабасының» бапкерлер құрамы отставкаға кетті

Фотография - «Ордабасының» бапкерлер құрамы отставкаға кетті

Футболдан Премьер-лиганың 3 турында «Ордабасы» командасы өз алаңында Астана футболшыларын қабылдап, 0:2 есебімен тағы да жеңіліс тапты. Биылғы чемпионатта алғашқы алтылыққа енеміз деп мақсат қойған «Ордабасы» футболшылары үш турдан бері сәтсіз ойын көрсетуде. Сүреңсіз ойыннан соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында жанкүйерлер бас бапкерді қызметінен босату жөнінде ұсыныс тастаған еді

256 0

Футболдан Премьер-лиганың 3 турында «Ордабасы» командасы өз алаңында Астана футболшыларын қабылдап, 0:2 есебімен тағы да жеңіліс тапты. Биылғы чемпионатта алғашқы алтылыққа енеміз деп мақсат қойған «Ордабасы» футболшылары үш турдан бері сәтсіз ойын көрсетуде. Сүреңсіз ойыннан соң журналистермен болған баспасөз мәслихатында жанкүйерлер бас бапкерді қызметінен босату жөнінде ұсыныс тастаған еді.

Футболсүйер қауымның жанайқайын түсінген облыс спортының басшысы Полат Қырықбаев Вахид Масудовты отставкаға жіберді. Сонымен бірге, тындырымды тірлік атқара алмаған бірқатар лауазымды азаматтар да қызметінен кетті. Баспасөз жиынында белгілі болғандай, енді команданы бұрынғы бас бапкер Виктор Пасулько баптауы мүмкін. Ол қазір Германияда жұмыссыз жүр екен. Біздің шақыртуымызды қабыл алыпты. Жақын уақытта екіжақты келісім-шарт жасалуы тиіс. Естеріңізде болса, Пасулько жаттықтырған тұста өз командамыз ел кубогы мен суперкубокты жеңіп алып, Еуропа лигасына шыққан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!