Ярослава Шведова Чарльстонда жұптық разрядта ширек финалға шықты

Фотография - Ярослава Шведова Чарльстонда жұптық разрядта ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Американың Чарльстонында өтіп жатқан Family Circle Cup-2013 WTA турнирінің жұптық разрядының ширек финалына шықты

203 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Американың Чарльстонында өтіп жатқан Family Circle Cup-2013 WTA турнирінің жұптық разрядының ширек финалына шықты.

Бірінші айналым матчында қазақстандық теннисші неміс спортшысы Юлия Гергеспен бірге Германия өкілі Анна-Лен Гренефельд пен Словакия теннисшісі Жанетта Гусарованы жеңді, матч есебі - 3:6, 7:6 (8:6), 12:10.

Қазақстан-неміс жұбының келесі қарсыластары америкалық Меган Моултон-Леви және қытайлық Шуай Чжан болады.

Еске салайық, жеке разрядтың бірінші айналым матчында Шведова америкалық теннисші Ван Кингке 6:4, 1:6, 4:6 есебімен жеңілген болатын.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!