Әлем чемпионы Денис Кузинге Қостанайдан пәтер кілті табысталды

Фотография - Әлем чемпионы Денис Кузинге Қостанайдан пәтер кілті табысталды

Қостанай облысының билігі конькиден өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Кузинге 400 000 теңге, ал спорт сүйер демеуші – екі бөлмелі үйдің кілтін табыстады

214 0

Қостанай облысының билігі конькиден өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері Кузинге 400 000 теңге, ал спорт сүйер демеуші – екі бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Бұл туралы Sports.kz хабарлап отыр. 

Сочиде өткен әлем чемпионатында қазақстандық Денис Кузин топ жарып, алтыннан алқа таққан болатын. 24 жасар Қостанай тумасы Денис Қазақстан спорт тарихында коньки спортынан әлем чемпионатының алтын медалін қанжығасына байлаған тұңғыш спортшы болып саналады.

Кеше, сәуірдің 3-інде Денис Кузин мен оның бапкері Петр Пастушкено Қостанайға оралды. Жеңімпазды темір жол вокзалының алдынан-ақ жерлестері плакаттарды қолдарына ұстап, құшақ жая қарсы алды.


Алдыңғы жылы Денис Кузин әлеуметтік желіде спорттан кететінін айтқан еді. Спортшы велосипедтен құлаған соң қатты жарақаттанғанын алға тартқан болатын. Алайда, ҚР бас бапкері Кузинге бұл жазбаны оширип, спортпен әрі қарай шұғылдануға кеңес берді.

Бүгінде Денис Кузин Сочиде өтетін олимпиада ойындарына лицензияны жеңіп алды. Келесі аптадан бастап дайындық жұмыстарын бастамақ ниетте.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!