Головкиннің келесі қарсыласы британдық Мэттью Маклин

Фотография - Головкиннің келесі қарсыласы британдық Мэттью Маклин

WBA және IBO нұсқалары бойынша бокстан орташа салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 29 маусымда британдық Мэттью Маклинге қарсы өткізеді

241 0

WBA және IBO нұсқалары бойынша бокстан орташа салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 29 маусымда британдық Мэттью Маклинге қарсы өткізеді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері үшін бұл биылғы жылғы үшінші кездесу және WBA белбеуін 8-ші мәрте қорғамақ. Британдық болса соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 15 қыркүйегінде өткізіп, гаитяндық боксшы Джоашим Альсинді бірінші раундта нокаутқа жіберді. Ал сол кездесуіне дейін Маклин алдыңғы екі жекпе-жекте жеңілген болатын: алғашқы қарсыласы неміс Феликс Штурмға, кейін аргентиналық боксшы Серхио Габриэль Мартинеске.

Алайда, Головкин мен Маклин командалары арасындағы келіссөздер әзірге толық аяқталмағандығы айтылуда. Егер екі тарап оң шешімге келсе, онда Головкин мен Маклин Нью-Йоркта қолғап түйістіреді. Оны «НВО» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз соңғы жекпе-жегінде жапондық Нобухиро Ишиданы жақында ғана нокаутқа жіберген еді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 26 кездесуінің 26-шы жеңісі болатын.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!