Әлемнің экс-чемпионы Хулио Чавес Головкинді жекпе-жекке шақырды

Фотография - Әлемнің экс-чемпионы Хулио Чавес Головкинді жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой бокстан WBC дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес аргентиналық Серхио Мартинеспен матч-реванш өткізгісі келмейтіндігін айтты

200 0

Кәсіпқой бокстан WBC дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес аргентиналық Серхио Мартинеспен матч-реванш өткізгісі келмейтіндігін айтты. Оның орнына Чавес WBA және IBO дәрежелері бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен қолғап түйістіруді жөн көріп отыр. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

Естеріңізге салайық, 2012 жылдың 15 қыркүйегінде Чавес кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. Оның чемпиондық белбеуін Серхио Мартинес тартып алған. Бұл кездесуден кейін Чавес промоутері Боб Арум 2013 жылдың күзінде екі боксшы матч-реванш өткізеді деп жаһанға жар салған еді. Алайда, экс-чемпион бұл сөздің шындыққа жанаспайтындығын айтты.

"Мартинеспен реванш мені қызықтырып отырған жоқ. Орта салмақта одан өзге де мықты боксшылар бар. Мәселен, Геннадий Головкин - жақсы боксшы, әлем чемпионы. Сондай-ақ, Андре Уордпен де қолғап түйістіруге болады. Ойымша бокссүйер қауымды менімен Гловкин арасындағы немесе Уорд арасындағы жекпе-жек қатты қызықтырады, Мартинеспен болатын реванштан қарағанда. Мен 22 маусымда өтетін кездесуімнен кейін осы екі боксшының бірімен шаршы алаңға шығуға әрекет етемін" деді Чавес өз сөзінде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!