Қазақстанға Ирландия құрамасы келді

Фотография - Қазақстанға Ирландия құрамасы келді

Кеше Қазақстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мақсатында бокстан Ирландия ұлттық құрамасы Астанаға келді

149 0

Кеше Қазақстан құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мақсатында бокстан Ирландия ұлттық құрамасы Астанаға келді.

Екі апта бойы ирландиялық боксшылар біздің құрама жігіттерімен спарринг кездесулер өткізетін болады.

Шыны керек, бұл күнде Ирландиялық боксшыларды әлем мойындап үлгерді. ерлер, әйелдер, жастар мен жасөспірімдер құрамасы да қауқарлы саналатын Ирландиялық боксшылар әлем, Еуропа чемпионаттары мен Олимпиада ойындарынан жүлдесіз кеткен емес.

Ирландияның Астанаға келіп, Қазақстан боксшыларымен бірлескен жаттығу жұмыстарын жүргізудегі басты мақсаты - біздің жігіттермен тәжірибе алмасып, күзде Алматыда өтетін әлемдік сын алдында біздің елдің ауа райына бейімделу.

Ендеше, екі ел құрамасының арасындағы тартысты кездесулер мен қызықты спаррингтік жекпе-жектерге куә боламыз деген ойдамыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!