«Астана арландары» жартылай финалдық кездесуін Мексикада өткізеді

Фотография - «Астана арландары» жартылай финалдық кездесуін Мексикада өткізеді

Осы кездесу алдында қос команда матчқа қатысатын боксшыларын есімін жариялады.

174 0

«Астана арландары» 12 сәуір күні Мексикада жергілікті боксшылармен WSB додасының жартылай финалдық кездесуін өткізеді.

Осы кездесу алдында қос команда матчқа қатысатын боксшыларын есімін жариялады.

50 келіде Мейірболат Тойытов мексикандық Элиас Эмигдомен шаршы алаңға шығады. 61 келіге дейін салмақтаХуан Ромеро Ержан Мүсәпіровпен кездеседі.

73 келіге дейінгі салмақта мексикалық Маруин Кабрера қазақстандық Әбуәзит Үгіршиевпен рингке шықса, 85 келіде «арландар» намысын қорғайтын хорват Хрвоже Сеп Исаак Муноспен (Мексика) жекпе-жекке шығады.

Аса ауыр салмақта тағы бір хорват Филипп Хрковичке үміт артылып отыр. Ол пуэрто-риколық Херардо Бисбалмен күш сынасады.

Айта кетер жайт, екінші жартылай финалда Италия мен Украина кездеседі.


Тегтер:

бокс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!