Түркияның «Галатасарай» клубын әйел адам жаттықтыратын болды

Фотография - Түркияның «Галатасарай» клубын әйел адам жаттықтыратын болды

Эрдоған «Галатасарайды» «Карабюкспор» командасына қарсы ойынға баптайды

235 0

24 жасар футболшы қыз Дуйгу Эрдоған Түркияның чемпионы «Галатасарай» клубын жергілікті біріншіліктің бір матчына бастап шығаратын болды. Бұған клубтың бас бапкері Фатих Теримнің «Мерсинамен» (3:1) ойында қызыл қағаз алуы себеп болды.

Эрдоған «Галатасарайды» «Карабюкспор» командасына қарсы ойынға баптайды. Дуйгу жақында ғана бапкерлік лицензияға ие болған екен, сондықтан да команданы жаттықтыруға толық құқығы бар.

Ф. Терим болса «Галатасарайды» УЕФА-ның Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы Мадридтің «Реалына» қарсы қарымта кездесуге жаттықтырып жатыр. Испанияда өткен бірінші ойын «Реалдың» пайдасына 0:3 есебімен аяқталған еді.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!