Балғын балуандардың бәсекесі

Фотография - Балғын балуандардың бәсекесі

Алматыда даңқты балуан, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы, ФИЛА бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті

311 0

Алматыда даңқты балуан, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, әлем чемпионы, ФИЛА бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

Доданың ашылу салтанатына құр­метті қонақтар көптеп келді. Солардың арасынан  Спорт және дене шынық­тыру агенттігі төрағасының орын­ба­сары Ел­­сияр Қанағатов, респуб­ли­ка­лық кү­­рес федерациясының президенті Се­­рік Сұлтанғали, Олимпиада ойын­да­­рының жеңімпазы Жақсылық Үш­кемпіров пен Ермахан Ыбрайымов жә­не тағы басқа азаматтарды ке­зік­тірдік.


1988 жылы Сеул Олим­пиа­да­сы­­ның ақтық айқасында Дәулет Тұр­лы­хановпен белдескен Ким Ен Нам осы турнирге Оңтүстік Кореядан ар­найы ат терлетіп келген екен. Жарысты тамашалағандар ара­сында еліміздің жа­сөс­пі­рімдер құрамасының аға жаттық­тыру­шысы Серік Жұмашев та бол­ды. Айтулы маман әр бә­секені жіті қадағалап   отыр­­ды. Себебі Ал­­ма­ты­да­ғы додада ерек­­ше көзге түскен бал­ғын балуан­дар ал­­дағы уақытта өтетін халық­ара­лық  жа­рыс­тарда ел намысын қор­ғайды.  Со­лар­дың қа­рым-қабілетін, ая­қ а­лы­сы мен бабын байқау бапкердің міндеті.

Ашылу рәсімінде алғашқы болып сөз алған балуанның анасы Мәрзия Айтбайқызы тартымды әңгіменің тие­гін ағытып, қатысушыларға ақжол тіледі. Жарыстың өзіне келер болсақ, ал­ғашқы күні бес салмақ дәрежесінің жүл­делері сарапқа салынды. Жеңіл сал­мақтылар арасында Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Зелімхан Үс­манов үстемдік танытты. Финалда ол талдықорғандық Нұрсұлтан Нұры­мов­ты жеңді. 50 келі салмақта қызылордалық Айдос Сұлтанғали жеңіске жетсе, 58 келі салмақта оралдық Ма­дияр Шаниев шашасына шаң жұқ­тыр­ған жоқ. 69 келі салмақ дәрежесінде қос­танайлық Темірлан Шадуқаев ша­шасына шаң жұқтырмаса, 85 келі салмақта Қырғызстаннан келген Ұзыр Жү­сіпбеков жеңіске жетті.


Жексенбі күні де дода өз жал­ға­сын тапты. 46 келі салмақта керекулік Қа­нағат Ақылбек алтын тұғырға кө­терілді. Ақтық сында ол қызыл­жарлық Аманкелді Бекболатовты ұтты. 54 келі салмақта Жамбыл облысынан келген Нұрсұлтан Қоңырбаевтың қарқыны күшті болды. Шешуші бәсекелерде ол өскемендік Нұржан Қуанов пен қы­зыл­жарлық Мират Қуандықты қапыда қалдырды. 63 келі салмақ дәрежесінде Нұрқанат Нұрахметовке тең келер ешкім болмады. Алматы облысындағы «Дәулет-Жаркент» клубының мүшесі финалда Қырғызстаннан келген Лук Орловтан басым түсті. 76 келі сал­мақ­тың бас жүлдесі үшін керекулік Елдос Мағзұмов пен тараздық Дүйсен Ата­беков таласты. Екеуара тартыс алғашқысының пайдасынан шешілді. 100 келі салмақта Шығыс Қазақстан об­лы­сының балуаны Салауат Ахмет­қа­лиевтің асығы алшысынан түсті.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!