Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы турнирді сәтті бастады

Фотография - Қазақстандық жағажай волейболшылары Тайландтағы турнирді сәтті бастады

Бүгін Тайландтың Нахон Ши Тамарат қаласында Азия турының кезеңдерінің бірі болып табылатын IV «Ханом Оупен» («Khanom Open») турнирі басталды

157 0

Бүгін Тайландтың Нахон Ши Тамарат қаласында Азия турының кезеңдерінің бірі болып табылатын IV «Ханом Оупен» («Khanom Open») турнирі басталды.

Бейсенбіге дейін созылатын бұл байрақты бәсекеде ел намысын ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов, әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, Бақтыгүл Самалықова мен Любовь Богату қорғауда. Алғашқы кездесуде Денис Ровкин жаттықтыратын ұлттық құрамадағы «Қазақстан-1» жұбы жапондықтарды 2:0 (21:14,21:18) есебімен тізе бүктірді. Ал Василий Кушталов баптайтын әйелдер құрамасының «Қазақстан-2» жұбы жарыс қожайындарынан 2:1 (21-18, 19-21, 16-14) есебімен басым түсті.

Былтыр бұл жарыста қазақстандық жігіттер 1-2 орындарды өзара бөліскен болатын. Ал әйелдер арасында «Қазақстан-1» жұбы ақтық сында жарыс қожайындарына есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!