Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Фотография - Қазақстан құрамасы Словенияны жеңді

Хоккейден Әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның құрамасы кезекті достық матчты өткізді

328 0

Хоккейден Әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстанның құрамасы кезекті достық матчты өткізді.

Кеше Словения командасымен кездескен біздің хоккейшілер өз қарсыластарын 2:1 есебімен ұтты.

Мариборда өткен мтчтың алғашқы шайбасын словениялық хоккейшілер  салды. Алайда тура алты минуттан кейін Федор Полищук таразы басын теңестірді. Ал Талғат Жайлауов екінші шайбаның авторы атанып, өз командасын алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1. Бүгін екі команда арасындағы екінші кездесу өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 14-20 сәуір аралығында Мажарстанның Будапешт қаласында Әлем чемпионаты өтпек. Қазақстан «А» тобында өнер көрсетеді. Бұл топта біз Ұлыбритания, Жапония, Италия, Корея және Мажарстанның құрамаларымен күш сынасып көреміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!