Премьер-лиганың екі командасы кубокқа таласты тоқтатты

Фотография - Премьер-лиганың екі командасы кубокқа таласты тоқтатты

Футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтіп, 1/8-ші финалға қатысқан барлық команда анықталды. Сенсацияның да куәсі болдық. Атап айтсақ, премьер-лиганың бірден екі клубы кубоктық доданың бірінші кезеңінде-ақ сүрінді.

170 0

Футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өтіп, 1/8-ші финалға қатысқан барлық команда анықталды. Сенсацияның да куәсі болдық. Атап айтсақ, премьер-лиганың бірден екі клубы кубоктық доданың бірінші кезеңінде-ақ сүрінді.

            Түзде Шымкенттің «Қыран» клубымен кездескен «Жетісу» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Сондай-ақ, премьер-лиганың тағы бір клубы «Атырау» Теміртауда жергілікті «Болаттан» айласын асыра алған жоқ. Бұлардан бөлек, Алматының «Қайраты» мен Қостанайдың «Тобылы» бірінші лига өкілдерін тек пенальти сериясында ғана жеңе алса, «Ақжайық» пен «Қайсарға» қарсыластарын жеңу үшін қосымша уақыт қажет болды. Ал ең ірі есеп елорданың «Астана-Арена» стадионында тіркелді. «Ақтөбе» жергілікті «Бәйтеректі» 9:1 есебімен ойсырата жеңді.

1-КЕЗЕҢ

«Болат АМТ» (Теміртау) — «Атырау» - 0:0, 4:3-пенальтиден.

«Махтаарал» (ОҚО) — «Ордабасы» (Шымкент) 0:2

Голдар: Мвесигва, 43. Мальцев, 51.

 

«Лашын» (Қаратау) — «Акжайык» (Орал) - 1:2

Голдар: Ахметов, 21 – Зенькович, 33. Зенькович, 105-пен.

Ойынның 105-ші минутында Ахметов (Л) алаңнан қуылды.

 

«Қызыл-Жар» (Қызылжар) — «Тараз» - 0:3

Голдар: Шафф, 9. Заречный, 16. Головской, 23.

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Қайрат» (Алматы) – 0:0, 3:4 пенальтиден.

«Іле-Сәулет» (Алматы обл) — «Восток» (Өскемен) – 1:2

Голдар: Досмағамбетов, 8., Оразалиев, 19-пен. Удалов, 53.

 

«Қыран» (ОҚО) — «Жетісу» (Талдықорған) – 2:1

Голдар: Пищулин, 31 — Балтабаев, 6. Әбдікәрімов, 45.

БИIК (Шымкент) — «Шахтер» (Қарағанд) - 2:3

Голдар: Махамбетов, 54. Пернебаев, 58 — Жаңғылышбай, 61. Мұртазаев, 83. Тарасов, 90+.

 

«Бәйтерек» (Астана) — «Ақтөбе» - 1:9

Голдар: Шайхов, 15 — Гридин, 22-пен. Логвиненко, 26. Тағыберген, 30. Гридин, 32. Бикмаев, 63. Сүлейменов, 64-автогол. Гейнрих, 68. Примус, 74. Гридин, 83.

«Астана-1964» — «Тобыл» (Қостанай) - 1:1, 2:4-пенальтиден.

Голдар: Алекперзаде, 79 — Волков, 75.

Ойынның 89-минутында Симиниди (А) алаңнан қуылды.

«Каспий» (Ақтау) — «Гефест» (Қарағанды) - 3:0

Голдар: Елтаев, 44. Арменов, 51. Кызылтаев, 82.

 

«Сұңқар» (Қаскелең) — «Екібастұз» - 4:0

Голдар: Әубәкіров, 59. Тәжмағамбетов, 61. Құсайынов, 82. Құсайынов, 90+.

Ойынның 10-минутында Ахметшәріпов (Е) пенальти орындай алмады.

 

«Спартак» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда) - 1:2

Голдар: Насибуллин, 73 — Алтынбеков, 8. Папуш, 102.

«Ақ-Бұлақ» (Алматы) — ЦСКА (Алматы) - 0:1

Гол: Мамлаев, 36.

 

Сонымен, Қазақстан кубогының ширек финалына мына командалар жолдама алды:

«Астана», «Ертіс», «Болат АМТ», «Ордабасы», «Ақжайық», «Тараз», «Қайрат», «Восток», «Қыран», «Шахтёр», «Ақтөбе», «Тобыл», «Каспий», «Сұңқар», «Қайсар» және ЦСКА.

1/8-финалдың ойындары мамыр айының 1-інде өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!