Италияда жаттығу кезінде «Астананың» велошабандозы Гаспаротто жүк көлігімен соқтығысты

Фотография - Италияда жаттығу кезінде «Астананың» велошабандозы Гаспаротто жүк көлігімен соқтығысты

Қазақстандық «Астана» құрамасының велошабандозы Энрико Гаспаротто «Амстел Голд Рейс» додасының алдындағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады

161 0

Қазақстандық «Астана» құрамасының велошабандозы Энрико Гаспаротто «Амстел Голд Рейс» додасының алдындағы жаттығу кезінде апатқа ұшырады деп хабарлайды велотоптың ресми сайты.


Итальяндық велошабандоз «Астана» құрамасының спорттық директоры Стефано Дзанинимен бірге Комо өзенінің маңында жаттыққан. Алайда тас жолға кенеттен тасымал фургоны шыққан екен. Дзанини өзінің скутерінің тежегішін басып үлгерген, ал Гаспоротто жылдамдықты азайта алмай, алдымен жүк көлігіне соғылып, кейін жолға құлаған.


Абырой болғанда велошабандоз жеңіл жарақаттармен құтылды. «Тежегішті басу мүмкін болмады. Біз сағатына 40-50 шақырым жылдамдықпен жүрдік. Соқтығысудан құтылу мүмкін емес еді. Бағыма қарай, қатты зардап шеккен жоқпын. Қазір денем аздап ауырады. Бүгін дәрігерге қаралмақпын, жексенбіге дейін жағдайым жақсаратын шығар», - дейді Гаспоротто.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!