Бүгін "арландар" мен "әтештер" жекпе-жекке шығады

Фотография - Бүгін "арландар" мен "әтештер" жекпе-жекке шығады

 Бүгін Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалдық бәсекелері басталады. Оңтүстік Америка құрлығына сапар шеккен «Астана арландары» Мехикода «Мексика қораздарымен» күш сынасады

379 0

 Бүгін Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалдық бәсекелері басталады. Оңтүстік Америка құрлығына сапар шеккен «Астана арландары» Мехикода «Мексика қораздарымен» күш сынасады. 50 келі салмақта қазақстандық команда сапында Мейірболат Тойтов өнер көрсетеді. Ол Элиас Эмигдомен қолғап түйістіреді. 

61 келі салмақта Ержан Мүсәпіровке сенім артылды. WSB додасының алғашқы маусымында өте жақсы жұдырықтасқан қандасымыздың соңғы жылдары жолы болмай жүр. Десек те, бұл жолғы бәсекеде ол жергілікті былғары қолғап шебері Хуан Ромероны ұтатынына сеніміміз зор. 73 келі салмақта Әбуәзит Үгіршиев ортаға шығады. Жерлесіміз үшін бұл – аталмыш жобадағы алғашқы жекпе-жек. Сондықтан да ол сенімге селкеу түсірмеуге тиіс. Әбуәзиттің қарсыласы – Мариун Кабрерра. 85 келі салмақ дәрежесінде Хржове Сеп өз өнерін ортаға салады. «Астана арландары» сапындағы хорватиялық легионер Мехикода Иссак Муностың қарым-қабілетін байқап көрмек. Аса ауыр салмақтағы бәсеке Филипп Хргович пен Хералдо Биспал арасында өтеді.

Екінші жартылай финалда «Милан найзағайлары» мен «Украина атамандары» шеберлік байқасады. Жартылай финалдық қарымта кездесулер 20 сәуір күні ұйымдастырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!