«Астана арландары» «Мексика қораздарын» жеңді

Фотография - «Астана арландары» «Мексика қораздарын» жеңді

Бүгін WSB додасының жартылай финалында «Мексика қораздарына» қарсы шыққан «Астана арландары» жеңіске жетті, есеп 2:3

134 0

Бүгін WSB додасының жартылай финалында «Мексика қораздарына» қарсы шыққан «Астана арландары» жеңіске жетті, есеп 2:3.

Шаршы алаңдағы барлық кездесулер өте тартысты өтті. Бірінші болып рингке 54 келі салмақ санатында көтерілген Мейірболат Тоитов мексикалық Элиас Эмигдионы ойсырата ұтса, одан кейінгі 61 келіде жұдырықтасқан Ержан Мүсәпіров тағы бір мексикалық Луис Даниель Флорес Норбертодан айласын асыра алмады. Сондай-ақ 73 келіде жұдырықтасқан отандасымыз Абуязит Угурчиевте бапкерлер сенімін ақтай алмай мексикалық Марвин Кабрераға есе жіберді. Таразы басын «Астана арландары» сапындағы легионер Хрвое Сеп теңестірді. Ал біздің командаға жеңісті хорватиялық Филипп Хргович сыйлады. 91 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға көтерілген ол пуэрторикалық Херардо Мигельді айқын басымдықпен ұтты.

Екі ел боксшыларының қарымта кездесуі 20 сәуір күні Алматыда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!