Шарасыз "Шахтер", қаһарына мінген "Қайрат"

Фотография - Шарасыз "Шахтер", қаһарына мінген "Қайрат"

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары аяқталып, жанкүйерлер қызықты матчтардың куәгері атанды

205 0

Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші тур ойындары аяқталып, жанкүйерлер қызықты матчтардың куәгері атанды.

"Қайрат" - "Тобыл" 4:2

Голдар: Сиссей 6 (1:0), Гурман 27 (2:0), Жұмасқалиев 36 (2:1), Сиссей 44 (3:1), Бугаев 55 (3:2), Недашковский 59 (4:2)

Голға бай болған бұл кездесу Алматылық жанкүйлердің ғана емес, теледидарға үңілген мыңдаған көрерменнің көңілінен шықты. Мамаду Сиссей "Қайраттың" қос голын қақпаға енгізіп,  турнир кестесінің төменінде қалған командасын өрге сүйреп шықты. Владимир Вайсс шәкірттері бір-бірін енді түсіне бастағандай. Көпшілікке ұлттық құрамаға шақырылғанымен таныс Марк Гурман да жеке ұжымы үшін гол соғып, көзге көрінді. "Тобыл" қирай жеңілген жоқ. Жұмасқалиевтің тамаша голы чемпионат аяқталғанша жанкүйер жадынан шықпайтыны анық. Бірақ, Алматының Орталық стадионы тап осы "Тобыл" үшін аса сәтті емес. 2008 жылы "Ақтөбемен" өткен "Алтын матчт айтпағанда, Орталық стадионда "Локомотивтен" 4:0 есебімен таяқ жегені бар...

"Шахтер" - "Астана" 1:3

Голдар: Нұрдәулетов 7 (0:1), Остапенко 44 (0:2), Хижниченко 45+2  (1:2), Коробкин 66 (1:3)

Қарағандылық клуб есін әлі жияр емес. Екі дүркін ел чемпионы атанған олар бүгін "Астананың" турнир кестесіндегі 1-і  орынға шығуына жол беріп қойды. Алаң иелері өткір шабуылдап, он жерден ұтымды комбинациялар ұйымдастырса да, қақпа кілтін табудан қонақтар алда болды. Суперкубок жолындағы бәсекеде кеткен есесін "Астана" алғашқы айналымда-ақ қайтарып алды.

"Ақжайық" - "Ертіс" 1:2

Голдар: Говедарица 35 (0:1), Шомко 66 (0:2), Зенькович 80 пенальти (1:2)

Өткен турда "Ақтөбемен" итжығыс түскен "Ертіс" жайық жағасында жағдайын дұрыстап алды. Алаң иелері алыстан келген қонақтарына сый көрсетпей жібере алмады.

"Восток" - "Атырау", "Ордабасы" - "Тараз" кездесулерінде көрермен гол көре алған жоқ. Виктор Пасульконың қарамағына қайтадан өткен "Ордабасы" "Тараздың" қарқынына төтеп берді. Ал, "Ақтөбе" өз алаңында "Жетісуды" жеңе алмады. Бұл төрт дүркін ел чемпиондарының осы біріншіліктегі үшінші тең ойыны.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!