Халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылды

Фотография - Халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылды

Құрамына 10 мемлекет кіретін халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылып, оған қазақ тарапы жетекшілік етпек

259 0

Ат тұяғының дүбірін естігенде, делебесі қозатын жандар үшін жағымды жаңалық. Құрамына 10 мемлекет кіретін халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылып, оған қазақ тарапы жетекшілік етпек. Бас штабы Астана қаласында болады. Тіпті күзге салым, жүлде қоры 1 млн. доллар болатын «төл ойындардан» Азияның ашық чемпионаты ұйымдастырылмақ.

Тараз төрінде «көкпар» ойынын дамытуға мүдделі 10 мемлекеттің өкілдері бас қосты. Ойы ортақ тараптар, федерация құрамына қабылданды. Яғни, бұдан былай қанға сіңген қазақтың қасиетті ойыны сол мемлекеттерде дамитын болады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті:

- Ең бастысы ешқандай елдің тарапынан бұған қарсылығы жоқ. Қазақстанның мүмкіндігі, бастаған ісін аяғына жеткізе алатын, іске деген шеберлігін бағалап отырғандығы бізді қуантады. Көкпар мәселесі бүгінде қазақтың қолына тиіп отыр.

2001 жылы осы тектес федерация «Көк бөрі» деген атпен көрші қырғыз елінде ашылған екен. Бірақ, олар қаржы тапшылығынан ойынды биік деңгейге көтере алмапты. Сондықтан, біздің ел тізгінді өз қолдарына алған.

Алмазбек Қасенов, Қырғызстан Республикасы ұлттық спортты дамыту бойынша республикалық орталығының директоры:

- Менің ойымша конференцияда болған талап, қабылданады. Біз қаржы жағынан үлкен ойынды, ел аралық деңгейде өткізе алмаймыз. Бұл жағынан «Көк бөрі» федерациясы біраз қиналып қаламыз.

Осыған дейін көкпар әр елде, әрқалай ойнатылып келген. Мәселен, Қытайда көкпар тарту тәсілі бөлек, ережесі де басқа. Серкенің салмағы да едәуір жеңіл екен.

Серік Махмұтұлы, ҚХР Іле-Қазақ автономиясы әкімі кеңсесінің меңгерушісі:

- Бізде салмақ жеңіл болады, 12-14 келі мөлшерінде. Сонда бір жағы, аттарымызға да жеңілдеу келеді, одан кейін көкпаршы жігіттердің түрлі-түрлі өнер көрсетуі. Мәселен шауып келе жатып, қарсы команда келе жатқан болса да, ар жағындағы өзінің командасына көкпарды допша  лақтырып, беретін ойындар бар.

Төл ойынның негізін бұзбас үшін, енді жалпыға бірдей ереже бекітілмек.

Халықаралық дәрежеге ие болған көкпар ойынында шабандоздардың қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. Тіпті, адам емес жануарлардың да жарақат алмау жағы қарасытырылған. Сондықтан болашақта мына секілді қазандықтардың көзі жойылып, орынына талапқа сай, қауіпсіз қазандықтар қою жоспары бар.

Осы күндері Таразда жасөспірімдер арасында ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өтуде. Шеттен келген меймандар қазақтың теңге ілу, аударыспақ, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық ойындарын тамашалады. Ал, күзге салым Астанада ұлттық ат спорты түрленінен Азияның ашық чемпионаты ұйымдастырылмақ. Жүлде қоры 1 млн. доллар.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!