Cүлейменов – үздік ойыншы, Мұқанов – үздік бапкер

Фотография - Cүлейменов – үздік ойыншы, Мұқанов – үздік бапкер

Жақында Қазақстан футбол федерациясының футзал және жағажай футболы бөлімі футзалдан 2012-2013 жылдар маусымындағы Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысын анықтады

291 0

Жақында Қазақстан футбол федерациясының футзал және жағажай футболы бөлімі футзалдан 2012-2013 жылдар маусымындағы Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысын анықтады.

Ол үшін еліміздегі футзал қайраткерлері, жаттықтырушылары және спорт журналистері арасында сауалнама жүргізілді.

Соның қорытындысы бойынша, «Ең үздік ойыншы» аталымында «Қайрат» шағын футбол клубының капитаны, Қазақстан құрамасының белді ойыншысы Дінмұхамбет Сүлейменов үздік шықты.

«Тұлпар» (Қарағанды) клубының беткеұстар ойыншыларының бірі Шыңғыс Есенаманов одан бір ұпай ғана кем жинап, екінші болды.

«Қайраттың» бразилиялық көрнекті ойыншыларының бірі Лео Сантана бұл екеуінен әлдеқайда қалып қойып, үшінші орынға ие болды.

 

Ал «Үздік бапкер» аталымында «Тұлпар» клубының бас бапкері, бұрын футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Әміржан Мұқанов теңдессіз деп танылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!